Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең бай мемлекет басшыларының ондығына кірді

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең бай мемлекет басшыларының ондығына кірді

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев ең бай қазіргі және бұрынғы мемлекет басшыларының ондығына кірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл тізімді Brand Vision Insights агенттігі құрды. Сондай-ақ онда келтірілген ақпарат ресми емес және ешбір тараппен расталмаған.

Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш рейтингте сегізінші орынды иеленді. Оның ұзақ уақыт бойы президент болуы қаржылық және саяси ықпалын нығайтуға сеп болғаны айтылған.

“Дәл нақты сандар белгісіз болса да, Назарбаевтың жеке байлығы 1–2 миллиард доллар аралығында деп есептеледі. Бұл көбінесе оның отбасының банк секторы, жылжымайтын мүлік және энергетика салаларындағы бизнесімен байланысты", – делінген хабарламада.

Бұл рейтингтте Ресей президенті Владимир Путин көш бастады. Оның активтері 200 миллиард долларға бағаланады.

Сондай-ақ тізімде АҚШ президенті Дональд Трамп, Бруней премьер-министрі Хассанал Болкиах, БАӘ премьер-министрі шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мактум, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Махатхир Мохамад және Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони бар.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz