Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нурмагомедов МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға келісті » Vesti.kz

Нурмагомедов МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға келісті » Vesti.kz

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл мәліметті "Известия" басылымына Хабибтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов хабарлаған.

"Конормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге қатысты айтатын болсақ, ондай жекпе-жек біз үшін қызық. Хабиб аралас жекпе-жектегі ең үздіктерді жеңе алатынын көрсетті. Ол бұл жөнінде бұған дейін де айтқан, бірақ көп ешкім сенген жоқ. Алайда Майкл Джонсонды, Эдсон Барбозаны, Конорды жеңгеннен кейін сене бастады", - деді ол.

Еске сала кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол МакГрегорды тұншықтыру әдісімен төртінші раундта жеңді.

Бұл жеңісінен кейін ол кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды. Америкалық спортшы ұсынысты қабылдап, өз талаптарын қойды.

Алайда МакГрегор 2017 жылы Мейвезермен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізген. Ол кезде ирландиялық спортшы техникалық нокаутпен оныншы раундта жеңілді.

Автор
Жандос