Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұта ма деген сұраққа нақты жауап бермеді, деп хабарлайды Ulysmedia.
«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингте журналист Серік Жолдасбай әкімнің «Википедиядағы» өмірбаянында бұрын Назарбаевты үлгі тұтатыны жазылғанын, ал кейін бұл дерек алынып тасталғанын айтып, өзгерістің себебін сұрады.
Нұрлыбек Нәлібаев бұл сауалға:
«Есімде жоқ, шынымды айтсам», — деп қысқа жауап берді.
Брифинг модераторы сұрақтың тақырыпқа сай еместігін айтып, оны жалғастыруға мүмкіндік бермеді.
Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев — марқұм мемлекет қайраткері, экс-президенттің сенімді серігі болған Бердібек Сапарбаевтың інісі.