Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрлан Өнербаев енді “Анашым” әнін орындамайтынын жеткізді

Нұрлан Өнербаев енді “Анашым” әнін орындамайтынын жеткізді
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның белгілі әншісі Нұрлан Өнербаев “Таң Нұры” бағдарламасында көпшілік жақсы көретін “Анашым” әнін енді орындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнерпаздың айтуынша, аталмыш шығарманы орындаудан бас тарту туралы шешім 2023 жылы ресми түрде қабылданған. Бұл ән Нұрлан Өнербаевтың репертуарында көптеген жылдар бойы болып, тыңдармандардың ерекше ықыласына ие болған еді.

Әншінің сөзінше, өзгерістің себебі — автордың өтініші.

“Автордың өз өтініші болды. Сол себепті енді концерттерімде бұл әнді орындамаймын. Кейде көрермен сұрағанда қысқаша айтып кететінім бар, бірақ ресми түрде ол менің репертуарымнан алынды”, – деді Нұрлан Өнербаев.

Қазіргі таңда әнші репертуарын жаңартып, жаңа шығармалармен жұмыс істеп жүргенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.