Қазақстанның танымал әншісі Нұрлан Өнербаев көпшілікке жақсы таныс "Анашым" әнін бұдан былай концерттерінде орындай алмайтынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі бұл туралы "Таң Нұры" бағдарламасында айтып, аталған шешімнің 2023 жылы ресми түрде қабылданғанын жеткізді.
Нұрлан Өнербаевтың сөзінше, ән авторының өтінішіне байланысты шығарма оның репертуарынан алынып тасталған.
"Автордың өз өтініші болды. Сол себепті енді концерттерімде бұл әнді орындамаймын. Кейде көрермен сұрағанда қысқаша айтып кететінім бар, бірақ ресми түрде ол менің репертуарымнан алынды", – деді әнші.
Осылайша, тыңдарманға ұзақ жылдар бойы Нұрлан Өнербаевтың орындауында таныс болған «Анашым» әні енді оның ресми концерттік бағдарламасында орындалмайды.