KZNews.kz
Шоу-бизнес

Нұрлан Еспанов: Қайрат Нұртасқа Халық әртісі атағын берер едім

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әнші Нұрлан Еспанов соңғы берген сұхбатында Қайрат Нұртасты халық ерекше жақсы көретін ең үздік әншілердің бірі ретінде атады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, Қайраттың өнері тыңдарманның жүрегінен берік орын алған, ал орындаған әр жаңа әні тез арада хитке айналып, оның танымалдылығын арттыра түседі.

Бұл пікір Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекованың да көңілінен шыққан. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрлан Еспановтың ашық мінезін, шынайылығын атап өтіп, оған алғысын білдірді.

«Шындықты мойындай білу – ерлік. Нұрлан інім өте ақкөңіл, жаны таза, кімге болсын ілтипатпен қарайтын жігіт. Тек Қайрошымды мақтағаны емес, жалпы адам ретінде адалдығына риза болам. Ешкімді ренжітпейді, зиян келтірмейді, өмірді шынайы бағалап, тігінен сүретін жан. Алла разылығын беріп, бақ-береке нәсіп етсін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да екі өнер иесінің бір-біріне деген жылы ниетін қолдап, пікір қалдыруда.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары