«Маған “атақ береміз” деп он жыл бойы уәде етіп келді. Тіпті менен 25–30 жас кіші әріптестерім атақ алып жатқанда ойланасың. Бірі “мына кісілерді неге тексермейсіздер?” дейді. Бірақ берілген атақты тексеруге болмайды, тек ұсыну кезінде ғана қаралады.
Жақында Асхат маған “Сіз әлі күнге дейін Еңбек сіңірген қайраткер емессіз бе?” деп сұрағанда, шынымды айтсам, жылағым келіп кетті», – деді әнші подкаст барысында.