Қазақстандық танымал әнші Нұрлан Еспанов алғаш рет ата мәртебесіне ие болды. Қуанышты жаңалықты өнер иесінің ұлы Олжас Еспанов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Олжас Еспанов жұбайымен бірге тұңғыш сәбилерін қарсы алғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
«Аллаға шүкір, қызды болдым. Біз әке мен ана атандық. Барша құттықтаған жандарға рақмет!» – деп жазды ол.
Сәбидің анасы Жильнель де қуанышын жасыра алмай, отбасы мүшелеріне тағы бір қыздың қосылғанын хабарлады.
«Сүйінші! Отбасымызға тағы бір қыз қосылды. Өмірі жарық, болашағы баянды болсын», – деп жазды жас ана.
Қуанышты хабардан кейін желі қолданушылары жас ата-анаға ақ тілектерін жаудырып, дүниеге келген сәбиге денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр тіледі. Осылайша, Нұрлан Еспанов үшін бұл ерекше күн болып, әнші немере сүйіп, үлкен әулеттің ақсақалы атанды.