"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның арасында махаббат бар екені рас па?

Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның арасында махаббат бар екені рас па?

Әлеуметтік желіде Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның арасында махаббат бар екенін айтатын жұрт аз емес. Халықтың қызығушылығын тудырған бұл сұрақтарға актер "Түнгі студия" бағдарламасында ашық жауап берді .

Жүргізушінің "Әйгеріммен жүріп жүрсіз бе?" деген сұрағына Нұрлан таң қалмаған. Өзі туралы көп қауесет еститін актер бұл жолы да саспай жауап берді.

"Ол да аяқ басып жүріп жатыр. Мен де. Жүріп жатырмыз. Арамызда тек достық махаббат қана бар. Әйгерім 16 жаста болғанда, мен 17-де болғанмын. Арамыз бір-ақ жас. Сол кезден бастап біз рухани, тілеулес дос болатынбыз. Әйгерімнің достары көп. Ол маған сын айтып отырады. Мына бейнебаяныңда мына киімді киюің керек еді дейді. Мен қыз бен жігіттің арасында достық болмайды деп ойлайтынмын. Сөйтсем, болады екен", - деді актер.

Естеріңізге сала кетейік, актер мен әншінің ара-қатынасы туралы тараған әңгімелерге Әйгерім Қалаубаева да жауап берген болатын.

Автор
Бауыржан