KZNews.kz
Шоу-бизнес

Нұрлан Әлімжан мен Айкерім Қалаубаеваның видеосы желіде дау тудырды

Дархан Тоқан
Коллаж: SN.kz

Әлеуметтік желілерде әншілер Нұрлан Әлімжан мен Айкерім Қалаубаеваның бірге түскен видео және фотокадрлары кең тарап, жұртшылық арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Kznews.kz.

Интернет кеңістігінде тараған жазбаларда өнер иелерінің бір-бірімен етене араласқаны байқалады. Осы көріністер желі қолданушылары арасында түрлі сұрақ туғызып, пікірталасқа себеп болды.

Кейбір оқырмандар: «Жұбайлары бұған қалай қарайды екен?», «Екеуі үнемі қатар жүретін сияқты», «Шамадан тыс жақын емес пе?» – деп жазды.

Ал тағы бір топ желі қолданушылары олардың арасындағы қарым-қатынасты өнердегі әріптестік деп бағаласа, өзгелері ерекше байланыс болуы мүмкін деген ойларын білдіріп жатыр.

Дегенмен әзірге Нұрлан Әлімжан да, Айкерім Қалаубаева да бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →