KZNEWS.KZ
Саясат

Нұрдәулет Сүйіндіков қызметінен босатылды

• Айгерім Асылова
Фото: ОКҚ

Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →