KZNews.kz
Шоу-бизнес

Нұрболат Абдуллин: Мұғалім болып 50 мың теңгеге жұмыс істедім

KZNEWS
Нұрболат Абдуллин ең алғашқы жалақысы туралы айтты. Әнші бір кездері мұғалім болып жұмыс істеген. Алғашқы табысы 50 мың теңге ғана болған.

Нұрболат Абдуллин бір сұхбатында алғашқы жалақысының мөлшерін айтты. Мұғалім болған шағын еске түсірді.

“Ең алғашқы алған жалақым 50 мың теңге. Мұғалім болып жүргенде алғанмын. Әрине, ол ақша ешнәрсеге жетпейтін еді”, – деп күлді әнші.

Әнші үшін ең үлкен мереке – анасының туған күні.

“Мен үшін анамның туған күні ең үлкен мереке. Ал сүйікті тағамым еттен жасалған тағамдар”, – деді ол.

Әнші өмірде жолың болмаған жайттан сабақ алу керек дейді. Ол үшін уайым жеудің керегі жоқ. Себебі өмір жалғасады.


“Алла жар болсын”, “Нұрболат Алла саған ұзақ ғұмыр берсін деп тілеймін, өнерің өрге жүзсін. Аман жүр”, “Өнерлісің, келбеттісің, бақыттысың”, “50 мың теңгеге жете алмай жүргендер де бар”, “Мұғалім болғанын елестете алмаймын”, “Мұғалім болған оңай емес”, “Сабақ бердім дегеніне сенбеймін”, “Нұрболат ағай, қай пәннің мұғалімісіз?”, “Қандай жұмыс болса да, адал етсе болды емес пе?”, – деп жазды желі қолданушылары.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары