KZNews.kz
Шоу-бизнес

Нұр-Сұлтанға бір миллион маска жеткізіледі - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі елордаға бір миллионнан астам медициналық маска жеткізілетінін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазіргі уақытта қаладағы сауда желілерінің қоймаларында 47 мың тонна әлеуметтік маңызды азық-түлік бар. Бұл қазіргі айлық норманы толықтай жабады. Айлық норма - 38 мың тонна. Ол қоймаларды азық-түлік тауарларымен қосымша толықтырамыз. Кеше елордаға 400 мыңға жуық маска жеткізілді. Алдағы уақытта тағы 1 млн маскаға, антисептиктерге тапсырыс берілді. Қажет болған жағдайда апта ішінде жеткізіледі», - деді Көлгінов.

Сондай-ақ ол қаладағы зарарсыздандыру жұмыстары жіті қадағаланатынын айтып кетті. 

«Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режіміне ауыстырылды және гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді», - деді елорда әкімі.

Еске салайық, бұған дейін Көлгінов "Карантин коменданттық сағат емес" деп кесіп айтқан еді.


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →