«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда пойыздар жүруін тоқтатады – қазақстандықтарға уақыт берілді

Нұр-Сұлтанда пойыздар жүруін тоқтатады – қазақстандықтарға уақыт берілді

Елорда тұрғындары мен қонақтары қаладан 22 наурыз сағат 00.00-ге дейін шығып немесе кіріп үлгеруі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Елордада 22 наурыз сағат 00.00-ден бастап жолаушылар пойыздары жүруін толығымен тоқтатады. Азаматтар осы уақытқа дейін қала аумағына кіріп немесе шығып үлгеруі керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстан темір жолы" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен азаматтарға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіріп-шығуға 22 наурыз сағат 00.00-ге дейін рұқсат берілді.

"Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан мен Алматы тораптарында құрылған пойыздар, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тұрақтайтын пойыздар 2020 жылдың 22 наурызы сағат 00.00-ден бастап жүруін тоқтатады", -делінген хабарламада.

Яғни, бүгіннен бастап астана мен Алматыға кесте бойынша еліміздің басқа өңірлерінен 22 наурыз түнгі 00.00-ден кейін келетін пойыздар тоқтатылады. Бұл пойыздарға билет сатылмайды.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары стансасында жолаушыларды отырғызу мен түсіруге тыйым салынады.

Бірақ, екі қала арқылы өтетін транзиттік пойыздар тоқтамайды.

Тағы оқыңыз: "72 сағат бар": Алматыда 22 наурызда қаладағы барлық бекет жабылады

Карантин аяқталғанға дейін Нұр-Сұлтан мен Алматының қала маңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтайды.

Айта кетсек, бүгіннен бастап Қазақстанның астанасы мен Алматы қаласы карантинге жабылды.

Соңғы мәлімет бойынша, елде 37 адам коронавирус жұқтырған, Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда -18.

Республикада 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланды.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан