Жемқорлыққа нөлдік төзімділік: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясынан жауап келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтанда карантин қайта күшейеді

Нұр-Сұлтанда карантин қайта күшейеді

Елордалықтардың санитарлық талаптарды сақтамауына байланысты қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбай тұр

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан астанасында карантиндік шаралар қатаңдатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Эпидемиологиялық ахуалды бағалай отырып, коронавирустың одан әрі таралуына жол бермес үшін карантиндік және шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға мәжбүрмін", – деді Пралиева онлайн брифингте.

Ол тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамауының кесірінен астанада эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мүмкін болмай тұрғанын айтты.

Пралиева қала тұрғындары мен қонақтарын халық көп жиналатын орындарға бармауға, карантин талаптарын сақтауға, өзінің және өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында карантин күшейтіледі

Соңғы деректер бойынша Нұр-Сұлтанда 2 620 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 1 829-ы дертінен айығып шықса, он төрт адам қайтыс болды.


sputniknews.kz
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары