Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін атып өлтіріп, ұлын жарақаттады

Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін атып өлтіріп, ұлын жарақаттады

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ер адам мас күйінде өз отбасына оқ жаудырды. Полицейлер астана тұрғынының қаруды қайдан алғанын айтпады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Полицейлер өз отбасына оқ жаудырған Нұр-Сұлтан тұрғынын ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 20 қазан, жексенбі күні кешкі сағат 11-де болған.

Сағат 22:19-да полицияға елорданың 55 жастағы тұрғыны мен бес жасар бала оқ жарақатын алғаны туралы хабарлама түсті.

Белгілі болғандай, отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы ер адам мас күйінде әйелін атып тастап, басқа некеден туған ұлын жарақаттаған.

Әйел бытыралы жарақаттан көз жұмды, бала ауруханаға жеткізілді.

Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы 

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  


sputniknews.kz
Автор
Арман