«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылуы мүмкін - Министрлік өкілі - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылуы мүмкін - Министрлік өкілі - Қазақстан жаңалықтары

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтанды карантинге жабуы мүмкін екендігін Қазақстан ұлттық арнасының "Ашық алаң" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда Қазақстанның коронавирусқа байланысты жағдайы мәз емес. Бүгінгі күні ауруға шалдыққандардың саны екі есе артып, 27-ге бір-ақ жетті. Алматыда 11 адамнан коронавирус анықталса, Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш 16-ға жетіп отыр. Осыған байланысты елордада карантин енгізілуі мүмкін екен.

"Б жоспары бойынша қаланы карантинге жабу ойымызда бар. Мұны енді жергілікті басқару органдары шешеді. Бүгін сондай мәлімет болатын шығар. Олай болса Нұр-Сұлтан толығымен карантинге жабылады", - деп мәлімдеді Диас Ахметшәріп. 

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда ауруға шалдыққан тағы 14 адам анықталған еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан