KZNews.kz
Саясат

Немістің Wella косметика компаниясы Ресейден кетеді

KZNEWS

Немістің Wella косметика компаниясы Ресейге өнімдерін тасымалдауды тоқтатады. Бұл жөнінде компанияның әріптестеріне жолдаған хатына сүйенген "Коммерсант" басылымы жазды.

Хатта Wella компаниясы ендігәрі өнімдерін Ресейде шығармайды және сатпайды, ал меншік құқығы жергілікті топ-менеджерлер командасына беріледі деп жазылған. "Коммерсант" басылымындағы мақаладан кейін Ресей өнеркәсіп және сауда министрлігі Wella өнімдері "параллель импорт" механизмі бойынша таралатынын мәлімдеді.

Ресейде 28 жыл жұмыс істеген Wella компаниясы шаш бояу нарығының 40 пайызын иеленген. Londa брендінен бөлек, компанияның барлық-дерлік өнімдері Ресейге импортталып келген.

"Коммерсант" басылымының сарапшылары жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, компанияның Ресейден кетуі аталған индустрияның дамуына кері ықпал етеді. Басылымның дереккөзі Wella компаниясының орнын ресейлік Estel компаниясы басуы мүмкін екенін айтады.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары