Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Немересін тірідей көміп тастаған әйел сотталады

Немересін тірідей көміп тастаған әйел сотталады

Тәжікстанның Хатлон облысы прокуратурасы үш жастағы немересін тірідей көміп тастаған әженің ісін тергеп болды.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды. Қайғылы оқиға 12 қыркүйекте Навобод ауылында болған. 58 жастағы Ходжарой Ашурова туған немересі Бехрузжонды тұншықтырып, одан соң балшыққа көміп тастаған.

"Тергеуде Ашурова баланы келіні Гүлсанам Боймұродовадан кек алу үшін өлтіргенін мойындаған", - деді дереккөз.

Бехрузжонның анасы Гүлсанам баласын өлтіргенін енесін кешіргенін мәлімдеді.

"Мен күйеуіммен ажыраспаймын, бірақ ол үйде тұра алмаймын. Онда барлығы баламды еске түсіреді", - деді ол.

Ашурова немересі суға батып кетті деген соң, Бехрузжонның мәйітін іздеу басталған. Бірақ алтыншы күні баланың денесі басқа жерден табылған. Сот жақын күндері басталады. Сотталушы 8 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Дереккөз: centralasian.org

Автор
Арман