Уағалейкум ассалам уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Аптаның дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстаудың үкімі – сүннет, яғни Мұхаммед пайғамбар ғалейһиссәләмның істеген іс әрекеті. Айша анамыздың айтуы бойынша пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстауға аса қатты мән берген[1]. Ал оның себебін Алла елшісінің мына бір хадис шәрифынан түсінуге болады:
Дүйсенбі мен бейсенбі күндері - істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын»[2]
- дей келе, осы екі күннің артықшылығын ерекше атап, ол күндері нәпіл ораза ұстаудың маңызын түсіндіріп өткен. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды қабыл етсін!
Абдусамат Қасым