Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Неге елді алдайсыңдар?”: Сәкен Майғазиевтің әйелінің шайы жұрттың сынына ұшырады

“Неге елді алдайсыңдар?”: Сәкен Майғазиевтің әйелінің шайы жұрттың сынына ұшырады

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева жуырда өз атымен шығарылған шай брендін таныстырған еді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында ол өнімнің ерекшелігін айтып, шайды қалай дайындайтынын көрсеткен арнайы видео да жариялады.

Алайда жаңа өнім көпшілік арасында екіұдай пікір тудырды. Динара ханымның мақтаған шайы желі қолданушыларының көңілінен шыға қоймаған. Видео астына жазылған пікірлердің басым бөлігі — сын.

Кейбір желі оқырмандары:
«Мен алғанмын, мүлде ұнамады»,
«Шайдың сапасы нашар»,
«Өтірік жарнамаланған өнім»,
«Өмірімде бірінші рет бұндай әлсіз, дәмсіз шай ішіп тұрмын»,
«Неге елді алдайсыңдар?», – деп жазып, өз наразылықтарын білдірді.

Осылайша, Майғазиева бастаған шай бренді таныстырылған сәттен-ақ қоғам назарында қызу талқыланып, сапасына қатысты түрлі пікір туғызды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.