KZNews.kz
Саясат

Неге әкімдер жылдар бойы бір қызметте отырады? МҚІА жауап берді

KZNEWS

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге аудан немесе ауыл әкімі қызметін 8 жылдан аса уақыт атқаруға тыйым салынады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Tengrinews.kz тілшісіне кейбір әкімдердің неге жылдар бойы бір қызметте отыратынын түсіндірді.

Ведомство мәліметінше, енді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің немесе ауылдық округтің әкімдері төрт жыл мерзімге сайланады. Ал бір адам қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. Тиісінше, мұндай лауазымның жалпы мерзімі сегіз жылдан аспауы керек. Алайда мұндай шектеу тек 2021 жылдың 24 мамырында ғана енгізілген.

МҚІА қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арай Ізбаев аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент немесе ауылдық округ әкімдері "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілеріне жататынын атап өтті. Оларды тиісті елді мекеннің тұрғындары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Әкім 25 жасқа толған Қазақстан азаматтары арасынан төрт жыл мерзімге сайланады. Бұл лауазымға үміткерлер мынадай шарттарға сәйкес келуі керек:


Әкім өкілеті мынадай жағдайларда тоқтатылады:

"Әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәслихаттың мәселе қарауы үшін жергілікті қоғамдастық жиналысының әкімді қызметінен босату туралы мәселеге бастамашылық етуі негіз болады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды.

Биыл бірінші жартыжылдықта агенттікке жоғарыда аталған ауылдық округтерден өтініштер түскен жоқ", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары