KZNEWS.KZ
Спорт

Назым Қызайбай Қытайда өткен бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстандық спортшы 54 келі салмақ дәрежесіндегі финалда италиялық Сирин Чараабимен кездесті.

Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы. Ол бұған дейін 2025 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →