Қазақстанда денсаулық және туризм вице-министрі тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлем чемпионаты: ауыр атлет Нұржан Жұмабай алтын медаль иеленді

Әлем чемпионаты: ауыр атлет Нұржан Жұмабай алтын медаль иеленді
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Дүбірлі додада жерлесіміз ерекше шеберлік танытты. Нұржан Жұмабай қос сайыстың қорытындысы бойынша жалпы 348 келіні бағындырды.

Спортшы жарыста жұлқа көтеру жаттығуында 155 келіні, ал серпе көтеруде 193 келіні еңсеріп, жоғары нәтиже көрсетті. Алтын медальмен қатар, Нұржан Жұмабай серпе көтеру жаттығуында 193 келіні еңсеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Бұл салмақта тартыс соңғы сәтке дейін жалғасты. Күміс жүлдені Испания өкілі Эрик Гуадамуд иеленді. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 344 келіні (156+188) бағындырса, қола жүлде 335 келі (151+184) нәтижемен мексикалық Хосе Мантильяға бұйырды.

Осылайша, Нұржан Жұмабай қарсыластарынан оқ бойы озып кетіп, ел қоржынына кезекті алтынды салды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.