Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың суреті бар кілемшеге аяғын сүрткен қыздың видеосы тарады (ВИДЕО)

Назарбаевтың суреті бар кілемшеге аяғын сүрткен қыздың видеосы тарады (ВИДЕО)
Фото: видеодан

Әлеуметтік желілерде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған кілемше туралы видео кең талқыланып жатыр. Кадрларда үйдің кіреберісіне төселген кілемшеге кішкентай қыздың аяғын сүртіп тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды kznews.kz.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Видео TikTok-та «Адам Смит» деген атаумен ашылған парақшада жарияланған. Бейнежазбада әйел адам кіреберістегі кілемшені көрсетіп, «Мұндай кілемшеге шынымен аяқ сүртіп кіру керек пе?» деп таңданысын білдіреді. Жазба желіде тез таралып, қолданушылар арасында пікірталас туғызды. Кейбірі бұл әрекетті қолдап, мұндай символикалық қадамды дұрыс деп бағалады. Ал енді бір бөлігі адамның бейнесін аяқ астына төсеу дұрыс емес екенін айтып, мұндай әрекетке қарсы пікір білдірді. Олар қандай пікір айтылса да, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында елдің тұңғыш президенті ретінде қалатынын алға тартты. Қысқа ғана видео қоғамда әртүрлі көзқарастың бар екенін тағы бір рет көрсетті. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.