Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың өгей ұлына қатысты ел естімеген тың дерек тарады

Назарбаевтың өгей ұлына қатысты ел естімеген тың дерек тарады
Dalanews.kz коллажы

Марқұм Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның ұлы Данияр Кесікбаевқа қатысты жаңа дерек жарияланды. New York Post басылымының мәліметінше, ол АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы ең қымбат саналатын үйлердің бірін небәрі 10 долларға сатып алған болуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.

Әңгіме Нью-Джерсидегі Альпайн ауданында орналасқан зәулім үй туралы болып отыр. Басылым дерегіне қарағанда, бұл мүлік кезінде 34 миллион долларға сатылымға қойылған. Ал 2012 жылы оны аты-жөні көрсетілмеген компания 20 миллион долларға сатып алған. New York Post дереккөздері аталған компанияны Данияр Кесікбаевпен байланыстырған.

Қазір бұл жылжымайтын мүліктің салықтық құны 35,5 миллион долларға бағаланып отыр.

Зәулім үйдің аумағы шамамен 1,6 мың шаршы метрді құрайды. Үйде 9 жатын бөлме, баскетбол алаңы, боулинг, үй кинотеатры, кітапхана, шарап қоймасы, лифт және бассейн бар. Ал жер телімінің көлемі 3 гектардан асады.

Данияр Кесікбаев – Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың күйеу баласы. Наджиб Разак 1MDB мемлекеттік қорына қатысты атышулы іс бойынша сотталып, қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр. Тергеу кезінде оның жеке шоттарынан шамамен 700 миллион доллар табылғаны айтылған. 2020 жылы сот оны жемқорлық және ақшаны жылыстату баптары бойынша кінәлі деп таныған.

New York Post бұған дейін де Кесікбаевтың The Plaza Hotel қонақүйіндегі құны 20 миллион доллар болатын пәтерді небәрі 1 долларға алғанын жазған еді.

Айта кетейік, 2012 жылы Болат Назарбаев бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиева мен өгей ұлы Данияр Кесікбаевты 100 миллион доллардан астам активті шетелге шығарды деп айыптап, сотқа жүгінген. Кейін тараптар бұл дауды соттан тыс реттеген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер