"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда бекітіледі

Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда бекітіледі

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі Қазақстанның Конституциясында бекітіледі. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тұңғыш Президенттің мәртебесі мәселесіне келетін болсақ, бізде бұл Конституция және конституциялық заңдармен реттеледі деп жазылған. Жұмыс тобы бұл мәртебені Конституцияның өзінде анықтауы керек, бұл норманы нақтылайтын заңдарға емес, Конституцияның өзіне жүгіну керек деген қорытындыға келді», – деді Ермек Әбдірасулов.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы. Яғни бұл мәртебе анықталады.
«Бұл үлкен маңызға ие болады деп ойлаймын, өйткені сол еңбектер, объектив деректі бәріңіз көрдіңіздер, бүкіл әлем көріп отыр. Ол Конституцияда бекітіледі», – деді Әбдірасулов.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары