life пен кайф: сақтандыру нарығы банк секторын басып оза ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Назарбаев туыстарына неге ашуланды? Жаңа мәлімет жария болды

Назарбаев туыстарына неге ашуланды? Жаңа мәлімет жария болды
ашық дереккөзден

Дінтанушы әрі қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы "Sadaq" медиа агенттігінің "Дүрбі" жобасына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарына қатысты көзқарасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, экс-президент 2014-2015 жылдардан бастап жақындарына бірнеше рет ескерту жасап, қандай да бір даулы мәселелерге араласпауға шақырған. Атап айтқанда, өз аты мен беделін жеке мақсатта пайдаланбауды, өзгелерге қысым көрсетпеуді талап еткен.

Сапаралының сөзінше, кейінгі жылдары, әсіресе пандемиядан кейін, отбасы ішінде өткен жиындардың бірінде Нұрсұлтан Назарбаев туыстарына деген ренішін ашық білдірген. Ол олардың кейбір әрекеттері өзінің беделіне нұқсан келтіргенін айтып, бұрын да бірнеше рет ескерткенін жеткізген.

Сонымен қатар, сұхбатта бұл әңгіменің сол кезде отбасы мүшелері қатысқан ортада айтылғаны және экс-президенттің жақындарына қатаң сын білдіргені атап өтілді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер