Жаңалықтар

«Нәсіп жеңгеміздің чатқа жіберген аудиосы бар…»: марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі жаңа деректер айтты

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
«Нәсіп жеңгеміздің чатқа жіберген аудиосы бар…»: марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі жаңа деректер айтты
kznews.kz коллажы

Атырау облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты желіде жаңа мәлімет тарады. Журналист Жанат Молдашова марқұм Мақсот Қарабалиннің інісімен сөйлесіп, чатқа жіберілген аудио туралы күдік күшейгенін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Жанат Молдашова жазбасында қазалы отбасының жақындары ауыр күйде екенін, Жангелдин ауылының үрей құшағында отырғанын айтады. Туыстар мен ағайын-туыс күдікті деп танылған адамды тезірек құрықтауды талап етіп, оқиғаға қатысты сұрақтың көбейгенін жеткізген. Әсіресе «марқұмдар сарайдан қалай табылды, оған дейін тінту жүрді емес пе?» деген сауал көпшілікті мазалаған.

Журналист осы сұрақтардың жауабын нақтылау үшін марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен сұхбаттасқан видеосын жариялаған. Оның сөзінше, оқиғаға қатысты ең түсініксіз жайттардың бірі – марқұм Нәсіп жеңгесінің туыстар чатына жіберген аудиохабарламалары.

«Нәсіп жеңгеміздің ағайын-туыстарының чаттарына жіберген аудиосы бар. Сол аудио хабарламаларының бірін 7 қараша күні жіберген. Күдік тудырмас үшін... Қалай болғанда да, біреу жіберіп тұр... Қазіргі таңда телефонның бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп ойлап тұрмыз», – дейді Шалқар Мұқанғалиев.

Туыстарының айтуынша, аудионың дәл сол күні жіберілуі «көз бояу» болуы мүмкін деген күмәнді күшейткен. Дегенмен бұл – жақындарының болжамы екенін де ескерген жөн: әзірге ресми органдар тарапынан чаттағы аудиоға қатысты нақты түсініктеме берілген жоқ.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz