Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Нағыз жыртқыш іспеттес". Сарапшы қазақ боксшысының чемпиондық жекпе-жекке дайындығы жайында

"Нағыз жыртқыш іспеттес". Сарапшы қазақ боксшысының чемпиондық жекпе-жекке дайындығы жайында
Канадалық кәсіпқой бокс сарапшысы Шон Смит Vesti.kz тілшісімен сұхбатында 2015 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Садриддин Ахметовтың (6-0, 6 КО) келешегін болжап көрді. 

Мұның алдында канадалық Eye of the Tiger Managament промоутерлік компаниясы Ахметовтың 26 қаңтар Монреальда өтетін бокс кешінде WBC "жастар" белбеуі үшін жұдырықтсатынын мәлімдеген еді. 

"Садриддин Ахметов - қазіргі таңда Канададағы болашағы ең зор боксшы. Жүкембаев сияқты алғашқы алты жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. Ол өзінің жеке стилін жасады. Рингте ол бір жыртқыш іспеттес. Әр жекпе-жек сайын өсіп келеді. Ол жаңа деңгейге көтеріліп, WBC белбеуі үшін жұдырықтасуға дайын. Бұл Ахметовтың рейтингін көтеретін беделді титул", - деп атап өтті Смит. 

WBC Youth белбеуін соңғы рет 23 жастағы француз Кристиан М'Билли (13-0, 13 КО) иеленген болатын. Белбеу 2001 жылдан бері ойнатылады.

Еске салайық, 20 жастағы Ахметов кәсіпқой рингке биыл сәуірде шығып, Канададағы алты жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/
Автор
Бауыржан