Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Мына клоунды кім шығарған?”: Мәди Рымбаев өзін келемеждегендерге жауап берді

“Мына клоунды кім шығарған?”: Мәди Рымбаев өзін келемеждегендерге жауап берді
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Роза Рымбаеваның кенже ұлы Мәди Рымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін келемеждегендерге жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның ашулы жазбасына желі қолданушыларының сыни пікірлері түрткі болған. Анасының концертінде өнер көрсеткен сәтінен видео жариялаған Мәдиге оқырмандардың бірі «мына клоунды кім сахнаға шығарған?» деп жазған.

Осы пікірге шамданған ол өзінің кәсіби музыкант екенін айтып, еңбегін жоққа шығаруға тырысқандарға үн қатты. Айтуынша, өнер жолына ғұмырының жартысынан көбін арнаған, барлығын өз еңбегімен жасап келеді. Сондай-ақ музыкалық сауаты жоқ адамдардың ақыл айтуына төзгісі келмейтінін жеткізді.

«Мен, қарғыс атқыр, кәсіби маманмын. Мен музыкантпын. Мені бағалап, үйрету сендердің шаруаларың емес. Жасап жүргеннің бәрін өз қолыммен, өзім істеймін. Көзіме де, беліме де зиян келтіремін. Мен осының бәріне өмірімнің жартысынан көбін арнадым. Ал тональдіктерді де білмей тұрып, мені үйреткісі келетіндерді тыңдап, төзгім келмейді», – деп ашуланды Мәди.

Бұдан бөлек, өзін менсінбей жүргендерге де ескерту жасап, олардың бір күні бәрібір өзіне қайта оралатынын айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.