KZNEWS.KZ
Саясат

Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Айжан Сыланова
Фото: gov.kz

Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →