"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мұратбай Бекеев | өмірбаяны

Мұратбай Бекеев |  өмірбаяны

Мұратбай Бекеев 1958 жылы 30 қыркүйекте Қарақалпақстанда туған. 

1980 жылы Нөкіс Мемлекеттік университетінің орыс тілі және әдебиет факультетін, 1991 жылы Нөкіс ауыл шаруашылық техникумын тамамдаған.

1980–1994 жылдары Қарақалпақстанның Беруни ауданының мектептерінде орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі, 1994 жылдан Ташкенттегі «Нұрлы жол» газетінде тілші, Өзбекстан Қазақ Ұлттық мәдени орталығында кеңесші, «Қазақ елі» газетінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі, 2001–2006 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық «Сарыағаш» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 

2006 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдықсаяси газетінің Сарыағаш ауданындағы меншікті тілшісі. Сарыағаш ауданындағы Т.Айбергенов атындағы әдеби бірлестікке жетекшілік етеді.

«Сұлулық сыры» (1999), «Махаббат мекені» (2005), «Аруанағұмыр» (2006) сияқты жыр жинақтарының авторы.

Автор
Санжар