«Қазақстан азаматтары Израильге визасыз кіреді»: СІМ мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұрат Бөрібаев Жезқазған әкімі болып тағайындалды

Мұрат Бөрібаев Жезқазған әкімі болып тағайындалды
фото: ашық дереккөз

Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген.

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бүгін Жезқазған қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бүгіннен бастап облыс орталығын Мұрат Бөрібаев басқарады, деп хабарлайды kznews.kz

Металлургия, экономика және бизнес бакалавры, мемлекеттік менеджмент магистрі. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС филиалы «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасы бас корпусының үшінші разрядты флотаторы болып бастады.

2011-2012 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Қарағандытүстімет» ӨБ филиалының «Нұрқазған» байыту фабрикасы жетекшілігінің әкімшілік бас корпусында іс жүргізуші;

«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС филиалы «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасы бас корпусы бақылау цехының шебері;

2012-2013 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Қарағандытүстімет» филиалы Нұрқазған байыту фабрикасы бас корпусы цехының бастығы;

2013-2014 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Шығыстүстімет» ӨБ Орлов кеніші БФ бас инженері;

2014-2015 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «ЖТМ» ӨБ № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасы № 2 бас корпусы цехының бастығы;

2015-2017 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «ҚТМ» филиалы Нұрқазған байыту фабрикасының директоры;

2017-2024 жылдары «Жезқазғантүстімет» ӨБ № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасының директоры;

Тағайындауға дейін Сәтбаев қаласының әкімі болды.

Еске салайық, мұның алдында Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.