Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мүгедектік тағайындауға байланысты бүкіл ел бойынша тексеріс басталды

Мүгедектік тағайындауға байланысты бүкіл ел бойынша тексеріс басталды
Ашық дереккөз

Қазақстанда мүгедектік тағайындау мәселесіне қатысты тексерістер барлық өңірде басталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрліктің хабарлауынша, тексерістерге Атырау облысында анықталған заңбұзушылық белгілері негіз болған. Атап айтқанда, азаматтарды сырттай-проактивті куәландыруға жолдау кезінде күмәнді жағдайлар тіркелген.

– Қолда бар материалдарға сәйкес, кейбір медициналық ұйым қызметкерлерінің және дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының әрекеттерінде медициналық құжаттарға жалған мәлімет енгізу белгілері бар, – деп хабарлады ведомство.

Осыған байланысты министрлік барлық өңірлік бөлімшелерге тексеріс жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар анықталған фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.

Ведомство өкілдері мүгедектік тағайындау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін бақылау күшейтілетінін атап өтті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.