KZNews.kz
Қоғам

Мүгедек баланың аяғын әдейі күйдіріп қорлаған жасөспірімдер жұрт ашуын туғызды

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Баланың анасы ұлының аяғын жарақаттан қорғау үшін дәкемен орап қойғанына қарамастан, әлгі балалар оны мазақтап, қатыгез әрекетке барған. Ерекше бала ауырсынуды сезбеген, өйткені ол денсаулығына байланысты белгілі бір сезімталдықтан айырылған.

Бұл жайтты көрген желі қолданушылары ашық наразылық білдіріп, пікірлерінде: «Қорғансыз баланы қорлағандарды қатаң жазалау керек»,

«Мұндай әрекет – адамдыққа жат», «Мүгедек баланың несі жазық?» деп жазуда.

Көпшіліктің айтуынша, жасөспірімдердің мұндай қылығы – жай бұзақылық емес, нағыз қылмыс. Қоғам белсенділері мұны бала құқығын өрескел бұзу деп бағалап, кінәлілердің жазасыз қалмауын талап етті.

«Қорғансызға жасалған қиянат – бүкіл қоғамға жасалған соққы. Бұл жағдайға құқық қорғау органдары дереу назар аударып, істі заң аясында қатаң қарастыруы қажет», – дейді белсенділер.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары