Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мүфтият қазақстандықтарды Валентин күнін тойламауға шақырды

Мүфтият қазақстандықтарды Валентин күнін тойламауға шақырды
фото: ашық дереккөз

Мүфтият Әулие Валентин күнінің ислам дінімен және ұлттық дәстүрлермен байланысы жоқ екенін айтып, бөгде құндылықтарды насихаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

“Әулие Валентин күні біздің дінімізге де, дәстүрімізге де қатысы жоқ. Бұл күн мәңгілік махаббатқа емес, бір күндік ләззатқа, шектен шығуға, ұятсыздық пен азғындыққа жетелейді”, – деп жауап берді мүфтият.

14 ақпанда не атап өтіледі?

Әулие Валентин күні жыл сайын 14 ақпанда аталып өтеді. 2026 жылы бұл күн сенбіге сәйкес келеді. Қазір ол ғашықтар күні ретінде қабылданады: адамдар бір-біріне ашық хат, сыйлық беріп, махаббатын білдіреді.

Батыс христиан дәстүрінде бұл күн Әулие Валентинді құрметтеумен байланысты. Алайда тарихшылар діни еске алу күнінің романтикалық мерекеге айналу жолы ұзақ әрі бірмәнді болмағанын айтады.

Әулие Валентин кім?

Валентин есімді әулие туралы бірнеше нұсқа бар. Ерте дереккөздерде 14 ақпанда еске алынатын кемінде екі азап шеккен әулие аталады:

Римдік Валентин – III ғасырда өлім жазасына кесілген дін қызметкері;

Интерамналық Валентин – Интерамна қаласының (қазір Терни, Италия) епископы, христиандарды қудалау кезінде қаза тапқан.

Аңыздардың бірінде Валентин император Клавдий II-нің тыйымына қарамастан ғашықтарды жасырын некелестіргені үшін өлім жазасына кесілгені айтылады. Сондай-ақ 1Сіздің Валентиніңізден1 деген махаббат хаттарын жазу дәстүрі де осы есіммен байланыстырылады.

Православие шіркеуінде бұл екі әулиенің еске алу күндері бөлек атап өтіледі: 19 шілде және 12 тамыз.

Мереке қалай романтикалық сипат алды?

Бастапқыда 14 ақпан романтикалық мағынаға ие болмаған. 496 жылы Рим папасы Геласий I бұл күнді бекітіп, оны ежелгі Римдегі Луперкалия мерекесінің орнына ішінара енгізген.

Мереке Орта ғасырларда ғана романтикалық сипат ала бастады. XIV ғасырда ағылшын ақыны Джеффри Чосер “Құстар парламенті” атты шығармасында 14 ақпанды құстар жұп таңдайтын күн ретінде атап өтеді. Англия мен Шотландияда бір жылға “Валентин” немесе “Валентина” таңдау дәстүрі болған. Осылайша жастар арасында символикалық қарым-қатынас орнаған.

Уақыт өте келе хат алмасу, өлең жазу және сыйлық беру дәстүрі қалыптасып, әлемге кеңінен тарады.

Қай елдерде тыйым салынған?

Кең таралғанына қарамастан, Әулие Валентин күні кейбір елдерде тыйым салынған:

Сауд Арабиясында бұл мерекеге заң деңгейінде тыйым салынған;

Пәкістанда 2017 жылы Исламабадтың Жоғарғы соты 14 ақпанды көпшілік алдында атап өтуге тыйым салды.

Қазақстанда бұл мерекеге ресми тыйым жоқ. Дегенмен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын бұл күнді атап өтпеуге шақырып, оның ислам құндылықтарына сай келмейтінін ескертеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.