ОСК тіркеді: "Әділет" партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Алматы облысының Боралдай кентінде мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан егде жастағы әйелді қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамда қызу талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбада әйелдің жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан сәтінде жоғары жылдамдықпен келген мопедтің оны қағып кеткені көрінеді. Қатты соққыдан әйел бірнеше метр жерге ұшып түсіп, ауыр жарақат алған. Ал мопед жүргізушісі құлағаннан кейін заттарын жинап алып, зардап шеккен адамға көмек көрсетпестен оқиға орнын тастап кеткен.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушінің жеке басы жедел іздестіру шаралары барысында анықталып, ол жауапкершілікке тартылған.

Ведомствоның хабарлауынша, жол апаты салдарынан жаяу жүргінші мен мопедте отырған жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Ал жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін бұзып, апат орнын тастап кеткені үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген жылдамдықты сақтап, әсіресе жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда барынша мұқият болуға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.