Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында өз отбасылық өміріне қатысты бұрын айтылмаған жайттармен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Мөлдірдің айтуынша, ажырасу кезінде енесі тарапынан қолдау да, басу да болмаған.
«Анасы келіп, басу айтып араласқан жоқ. Өкінішке қарай, үлкендер тарапынан тоқтау болмады», — деп қысқа қайырды ол.
Сондай-ақ Мөлдір тоқал алу мәселесіне қатысты да өз ойын ашық білдірді. Оның айтуынша, ол ешқашан мұндай жағдайға келісім бермеген, себебі бұл – отбасындағы береке мен тыныштықты бұзатын қадам.
«Бұл өте ауыр тақырып, тек көзбояушылық деп есептеймін. Мұндай жағдайда өмір бойы арпалыс, салыстыру жүреді. Отбасының берекесі кетеді, ең қиыны — балаларға ауыр тиеді. Тіпті өз туыстарыма бұл туралы айта алмай, кейде дастархандас отырыстарға түрлі себеп айтып бармай қалатынмын. Тыныш қана ажырасып кетсек жақсы болар еді. Ал бүкіл ел біліп, талқылаған соң, бұл жағдай одан сайын қиынға соқты», — деді ол.