Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан отбасындағы үш бірдей қуанышты оқиғаны бір мерекелік кеште атап өтті. Салтанатты жиыннан жарияланған фото мен видеолар әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік балалардың әкесі Тұрсынбек Қабатовтың кешке қатыспағанына назар аударды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Мөлдір Мұқан үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом алуын, екінші қызы Айымның мектеп бітіруін және кенже ұлы Райымбектің сүндетке отырғызылуын бір кеште атап өтіп, сәнді мерекелік дастарқан жайды. Желі қолданушылары балалардың маңызды белестерін ерекше форматта атап өткен анаға ақжарма тілектерін жаудырды.
Мерекелік кешке қазақ эстрадасының бірқатар танымал өнерпаздары қатысты. Қонақтар арасында Сәкен Майғазиев, Алтынай Жорабаева, Жазира Байырбекова, Заттыбек Көпболсынұлы, Райм, Ерке Есмахан және Қайрат Нұртас болды. Өнер иелері ән шырқап, отбасы мүшелеріне ізгі тілектерін арнады.
Алайда әлеуметтік желіде жарияланған жазбалардың астында көпшілік балалардың әкесі Тұрсынбек Қабатов не себепті мерекеге қатыспағанын талқылай бастады. Кейбір пікір қалдырушылар оның балаларының өміріндегі осындай маңызды сәтте жанынан табылғаны дұрыс болар еді деген ойын білдірді.
Пікірлердің бірінде: "Осындай қуанышта Тұрсынбек қастарында болмай ма? Балалардың көңілі үшін келуге болар еді ғой", – делінсе, енді бірі: "Тұрсынбектің жоқтығы өкінішті екен", – деп жазған.
Сонымен қатар көптеген желі қолданушылары Мөлдір Мұқанның балаларына көрсетіп жүрген қамқорлығы мен еңбегіне жоғары баға беріп, отбасыға құттықтау тілектерін арнады. Олар балалардың болашағына сәттілік тілеп, ана еңбегіне ризашылықтарын білдірген.