Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова гастрольдік сапары барысында «Арман алдамайды» әнін шырқап тұрып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі әсерге толы сәттің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, бұл туындының өзі үшін айрықша мағынаға ие екенін айтты.
Әншінің сөзінше, орындау кезінде өткен өмір жолындағы естеліктер ойға оралып, ерекше толқыныс сыйлаған. Сол кеште көрермендер қатарында отырған ата-анасы да қызының сезіміне ортақтасып, көздеріне жас алған.
«Әнде эмоция өмір сүреді екен. Сезім – сиқыр. Қайдағы жоқты еске түсіріп», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің шынайы көңіл күйін түсініп, қолдау білдірді. Көпшілік Мөлдір Әуелбекова-ға ақ тілектерін жаудырып, бақыт тіледі.
Пікір қалдырғандардың арасында: «Жыламаңыз, бақытты күніңіз көп болсын», «Сізбен бірге біз де жыладық», «Ата-ана баласының көз жасына шыдай алмайды», «Бұл әнді сезінбей айту мүмкін емес», «Сіз бақытты болуға лайықсыз» деген жылы лебіздер бар.
Дегенмен кейбір оқырмандар әншінің сахнада жиі толқып, көз жасына ерік беруін құптамайтындарын да жасырмады.