KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Мойнынан сүйгім келді”: Пойызда бейтаныс қызға тиіскен жайдарманшы желіде халықтың ашуына тиді

Айжан Сыланова
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Жайдарманшы Дархан Оспанов жүргізетін «Шәй әңгіме» подкасының YouTube-та жарияланған 51-бөлімі қоғамда үлкен дау туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарламада Айбек Байназаров бойдақ шағында пойызда бастан өткерген жағдайын баяндаған. Оның сөзінше, купеде бірге отырған бейтаныс қызға ұзақ уақыт қарап, кейін оған жақындауға ниеттенген.

Ол әңгімесінде бастапқыда ешқандай жаман ойы болмағанын, алайда қыздың сұлулығы назарын аударғанын айтады. Досымен бірге ішімдік ішіп келген соң, купеге оралып, үстіңгі сөреге шықпақ болған сәтте қыздың ұйықтап жатқанын көрген. Айбек сол сәтті ай жарығымен әсерлі суреттеп, біраз уақыт бойы қарап тұрғанын, кейін төмен түсіп, жақындамақ болғанда қыздың «болмайды» деген дауысын естіп, өз орнына барып ұйықтап қалғанын жеткізді. Сондай-ақ ол қыздың да өзін ұнатуы мүмкін деген ой болғанын жасырмады.

Бұл әңгіме желі қолданушыларының ашуын тудырды. Көпшілік мұндай жағдайды күлкіге айналдыруды орынсыз деп санап, оны қорқынышты әрі жиіркенішті әрекет ретінде бағалады. Пікір білдірушілер бұл оқиғада қызға психологиялық қысым көрсетілгенін айтып, мұндай тақырыпты жеңіл әзіл ретінде жеткізуге болмайтынын жазды.

Айжан Сыланова
Автордың басқа материалдары