Қазақстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар өзгеріс күшіне енеді. Жәрдемақы мен зейнетақы өсіп, ең төменгі жалақы көтеріледі, бірқатар сала мамандарының жалақысы ұлғаяды. Толығырақ Stan.kz тілшісінің материалында.
Сенат депутаттарының сайлауы өтеді Орталық сайлау комиссиясы сенат сайлауына кандидатура ұсыну аяқталғанын айтты. Биыл сайлауға 130 үміткер қатысады. Сенат депутаттығына сайланатын кандидаттардың шығын мөлшері 550 мың теңге шамасында белгіленді. Үміткерлерді ұсыну 29 қарашада басталып, 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18:00-де аяқталады. Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсанда басталып, 13 қаңтарда 00:00-де тоқтайды. 13 қаңтар тыныштық күні болса, ал 14 қаңтарда Сенат депутаттарын сайлау өтеді. Нәтижесін орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарға дейін жариялайды. Депутаттыққа үміткерлерге қойылатын талаптар:- Қазақстан Республикасының азаматы болуы және соңғы 10 жыл бойы ел аумағында тұрған;
- 30 жасқа толған;
- Жоғары білімі бар;
- Еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл;
- Тиісті өңір аумағында кем дегенде 3 жыл тұрақты тұрған.
- Төрт балалы анаға – 16,03 АЕК немесе 55 303 теңге;
- Бес балалы анаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- Алты балалы ана үшін – 24,05 АЕК немесе 82 972 теңге;
- Жеті балалы анаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- Сегіз баласы бар ана үшін – 32 АЕК немесе 110 400 теңге.
Коммуналдық тарифтер өседі
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылы коммуналдық тарифтер өсетінін айтты.
"Келесі жылда, яғни екінші жартыжылдықтан бастап тиісті өзгерістер болады. Себебі субъектілерге, содан кейін мемлекеттік меншікте болатын субъектілерге өз жұмысын жаңғыртып, желілерді жаңарту керек. Президент сайлауалды бағдарламасында тиісті көрсеткіштерді белгіледі. Осы орайда жүргізілген есептеулар аясында желілердің тозу көрсеткішін 15-20 пайызға төмендетеміз. Тариф көтеріледі, басқа жол жоқ. Ең күрделі нысандарды қараймыз. Олар жан-жақты зерттеледі. Оған байланысты тиісті тарифті көтеру мәселесі қаралады", - деді Қуантыров.
Білім саласындағы өзгерістер
Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Бұған дейін емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, келесі жылы ҰБТ тапсыруда да өзгерістер болады. Талапкерлерге "Қазақстан тарихы" пәні бойынша 5 тест тапсырмасы қосылады. Ал бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін қысқарады. Ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар 8-ден 6-ға дейін азаяды.
Сондай-ақ жаңа 2022-2023 оқу жылында оқушылар 31 мамырға дейін оқиды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Келесі оқу жылы 1 қырқүйекте басталып, 36 аптаға созылып 31 мамырда аяқталады. Яғни жаздың бірінші күнінен бастап оқушылар дәстүрлі жазғы демалысқа шығады. Сәйкесінше жаз айлары толығымен балалардың демалыс уақыты бола береді", - деген Аймағамбетов үкімет отырысында.