KZNews.kz
Спорт

Михаил Шайдоров Қазақстанға Олимпиада алтынын сыйлады

Асқар Алтайұлы
Фото: Сали Сабиров

Миланда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров чемпион атанды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қысқа бағдарламада бесінші орын алған Шайдоров негізгі бағдарламада атой салып, қос бағдарлама нәтижесін 291,58 ұпай жинап алтын медаль еншіледі.

Екінші және үшінші орындар жапон спортшыларына бұйырды.

Бұл алтынды Қазақстан бақандай 32 жыл күтті. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 1 алтын медальмен 15 орынға жайғасты.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →