KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Мирас пен Құралай төрт қабатты зәулім үйлерін сатылымға шығарды

• Айжан Сыланова

Әнші Мирас Бекжанов пен жұбайы Құралай өз үйлерін сатуға қойды. Өнер иелері бұл туралы TikTok желісінде жариялаған видеода мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мирас Бекжановтың айтуынша, отбасы осы шаңыраққа қоныстанғалы бері қуанышты күндері көбейіп, той-томалақ пен концерттерін өткізіп, жақындары мен құдаларын күткен.

«Бұл – төрт қабатты, аумағы 900 шаршы метрді құрайтын еңселі шаңырақ», – деді әнші.

Ерлі-зайыптылар зәулім үйін 290 миллион теңгеге бағалап отыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →