Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова желіде жаңа суреттерімен бөлісіп, қалың көпшілікті өзіне қаратты. Желі қолданушылары өнер иесінің мінсіз мүсініне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Құралай Анарбекова соңғы жасаған фотосессиясының нәтижелерімен Instagram парақшасында бөліскен. Суретте актриса өзінің бар дене сымбатын паш еткен.
Айта кетейік, бүгінде Құралай Анарбекова өзінің "Тойхана" фильмін жарыққа шығарумен айналысып жатыр. Аталмыш туынды осыдан екі жыл бұрын түсіріліп қойғанымен, қалың көрерменге енді ғана жол тартады.