"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Нағыз өз уақытында келді": Құралай Анарбекова жеке өмірінен сыр шертті

"Нағыз өз уақытында келді": Құралай Анарбекова жеке өмірінен сыр шертті

Танымал блогер, актриса Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жақында тұрмысқа шығып, қалыңдық атанған еді. 

“Жаңа кезең. Жаңа өмір. Көп нәрсе өзгерді. Тіпті мені қоршаған орта да өзгерді.  Біреулер кенеттен және түсіндірместен кетіп қалды, ал біреу нағыз өз уақытында келді. Жаңа адамдар, жаңа мағыналар пайда болды. Сіз өзіңізді өзгерткен кезде айналаңыздағы әлем қалай өзгеретінін көру қызық. Мен бәріне ризамын. Әсіресе қазір қасымда жүргендер үшін. Кейде барлығымен бірден бөліскім келеді, айтқым келеді, көрсеткім келеді.
Бірақ мен аздап ырымшылмын адаммын. Бақыт пен ақша тыныштықты жақсы көретініне сенемін.
Сондықтан ең маңызды нәрселер жүректе өмір сүрсін", – деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары жазбаны түсінбей қалғандарын жасырмады. 

“Жолдасы отбасын салуға рұқсат етпеген”, “Қалай құттықтайтынымызды білмей қалдық”, “Менің парақшама өтіңдер, мен бәрін айтып беремін”, “Бастысы бақытты бол, қалғаны – өмір”, “Таңдаған жолыңыз сізге қуаныш , бақыт сыйласын. Жолыңыз ашық болсын”, – деп жазды көпшілік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.