Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев түнгі тыныштықты бұзып, мас күйде жүргені үшін жауапқа тартылды деген ақпарат тарады.
Алайда полиция оның аты-жөнін ресми түрде растаған жоқ, деп хабарлайды kznews.kz
Оқиға 11 қазаннан 12 қазанға қараған түні болған. Мәліметке сәйкес, жоғары лауазымды шенеунікке қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Астана қалалық полиция департаменті тұрғындардың бірі түнгі уақытта шу болғанына шағымданғанын растады.
“Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзған адамның жеке басын анықтады”, – делінген ресми жауапта.
Полиция мәліметінше, ер адамға түнгі тыныштықты бұзу және қоғамдық орында мас күйде жүру деректері бойынша әкімшілік іс қозғалған. Ол заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылған.
Алайда полиция департаменті ер адамның аты-жөнін де, оған қандай жаза тағайындалғанын да жарияламады.
Осылайша, Ерлан Төрегелдиевтің бұл оқиғаға қатысы бар екені ресми расталмады. Полиция жауабын “Заң бәріне ортақ, ешкімге ерекше жағдай жасалмайды” деген сөзбен аяқтаған. Бірақ бұл жағдайда заң алдында жауап берген адамның кім екені әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Желіде Алматы полициясы Алматы облысы аудандарының бірінің прокурорын мас күйінде ұстағанытуралы жазған едік.