KZNews.kz
Білім

Министр Саясат Нұрбек маңызды жаңалығымен бөлісті

KZNEWS

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандықтарға жоғары оқу орнында оқуға пайызсыз несие берілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін төрт жаңа құрал іске қолға алынуы мүмкін... тағы бір құрал - биылдан бастап, жылдың соңында біз оны ресми түрде іске қосамыз.

Яғни бірнеше екінші деңгейлі банктермен және қаржы орталығымызбен бірлесіп заңнамалық түрде пысықтаған пайызсыз несие іске қосылуы мүмкін – қазіргі таңда соңғы жұмыстар пысықталып жатыр. АҚШ-тағыдай жоғары білім алу үшін пайызсыз несие берілуі мүмкін", - дейді Саясат Нұрбек.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары