Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Министр оқушылар үшін төртінші тоқсан қашан аяқталатынын айтты

Министр оқушылар үшін төртінші тоқсан қашан аяқталатынын айтты

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Асхат Аймағамбетов кейбір тақырыпты біріктіріп оқытуға мүмкіндік бар екенін айтады. Бейнесабақтар осындай тәсілмен дайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Биыл төртінші тоқсан жылдағы дәстүр бойынша 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қашықтан оқу кезінде мұғалімдер есеп бермейді – министр 

"Төртінші тоқсан, біздің ойымызша, ешқандай кедергі болмаса, басқа да мәселелер туындамаса, өз мерзімінде аяқталуы керек. Дәстүрге сай 25 мамыр күні төртінші тоқсанды аяқтаймыз", - деді Аймағамбетов онлайн брифингте.

Ол биыл төтенше жағдайға байланысты көктемгі демалыс әдеттегі екі аптадан үш аптаға созылғанын атап өтті.

"Мұндай мәселелер бізде жиі кездесіп отырады. Мұғалімдер біледі, кейбір тақырыпты біріктіріп оқытуға мүмкіндік бар. Қазір бейнесабақтарды осындай тәсілмен дайындап қойдық. Сондықтан бағдарламаны қуып жетіп, барлығын қамтимыз", - деп сендірді министр.

Айта кетсек, төтенше жағдайға байланысты қазақстандық оқушылар 16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалысқа шықты. Төртінші тоқсан алтыншы сәуірден басталады. Оқушылар қашықтан оқыту режиміне көшеді.

Карантин жағдайында қашықтан оқыту "Ел арна", "Балапан" телеарналары, "Qazaq radiosy", интернет-ресурстар мен пошта арқылы жүргізіледі.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан